| 04.11.2020 |
|
Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылары тобы Молдова Республикасы Президентінің сайлауын байқауға қатысты
2020 жылғы 1 қарашада ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова бастаған Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылары тобы Молдова Республикасы Президентінің сайлауын байқауға қатысты.
Қазақстандық делегация өкілдері Кишинев қаласында сайлау күні сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын, дауыстарды санауды және сайлау нәтижелерін қорыту барысын байқауды жүзеге асырды.
Сонымен қатар ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова 2020 жылғы 1 қарашада болған Молдова Республикасының Президентін сайлауға дайындық пен оны өткізудің нәтижелері туралы Миссияның мәлімдемесі қабылданған Қазақстан Республикасынан ТМД-дан байқаушылар миссиясының Үйлестірушілер кеңесінің отырысына, сондай-ақ ТМД байқаушылары миссиясы жұмысының қорытындылары жөніндегі баспасөз-конференцияға қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Молдова Республикасындағы сайлауды байқауға ТМД байқаушылары миссиясының құрамында, сондай-ақ Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен Қазақстан Республикасынан 5 байқаушы қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





