| 08.11.2005 |
|
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының аумағында облыстық аумақтық, 19 қалалық және аудандық аумақтық, 1102 учаскелік сайлау комиссиялары құрылған.
Барлық сайлау учаскелеріндегі электрондық жүйемен дауыс беруге қажетті жабдықтарға түгендеу жүргізілді. Сайлау учаскелеріне электрондық жабдықтар дер кезінде жеткізілді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының, 4-тармағына сәйкес, кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімдері белгіленді.
Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар байқаушыларының, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау науқаны кезіндегі жұмыстарын ұйымдастыруы үшін облыстың қалалары мен аудандарында жәрдемдесу Орталықтары құрылды.
Қараша айының 3-4 күндері Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменнің қатысуымен Өскемен және Семей қалаларында оқыту-үйрету семинар-тренингтері өткізілді. Семинарға аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, операторлары қатысты. Тренингке облыс көлеміндегі саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы