| 28.10.2020 |
|
28 қазанда облыстық және қалалық ішкі саясат басқармаларының өкілдеріне арналған онлайн-семинар өтті
2020 жылдың 28 қазанында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен облыстық және қалалық ішкі саясат басқармаларының өкілдеріне арналған онлайн-семинар өтті.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезеңінде сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртібі туралы баяндама жасады.
Атап айтқанда, семинарға қатысушыларды сайлау кезеңінде БАҚ қызметін ұйымдастыруға қатысты сайлау заңнамасының нормалары, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы партиялар мен кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру тәртібі мен шарттары туралы хабардар етті, сайлау науқанының барысын жария етудің негізгі принциптеріне назар аударды.
Сондай-ақ А. Щегорцова бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары партиялар мен кандидаттардың сайлау науқанын объективті жария етуге, олардың БАҚ-қа тең қол жетімділігін қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
