| 29.10.2020 |
|
2020 жылғы 1 қарашада өтетін Молдова Республикасы Президентінің сайлауына жіберілетін Қазақстан Республикасынан байқаушылардың тізімі бекітілді
2020 жылғы 29 қазанда Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Молдова Республикасы Президентінің сайлауын байқауға қатысатын Қазақстан Республикасынан байқаушылардың кандидатуралары бекітілді.
Молдова Республикасы Президентінің сайлауын байқауға Қазақстан Республикасының 5 өкілі қатысады, оның ішінде төртеуі ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында және біреуі Молдова Республикасы ОСК-ның шақыруы бойынша.
1 қарашада Молдова Республикасының Президентін сайлау өтеді.
Елдің Конституциясына сәйкес Молдова Республикасының Президенті бүкілхалықтық дауыс беру арқылы төрт жылдық мерзімге сайланады.
Мемлекет басшысы қызметіне белсенді сайлау құқығына ие, 40 жасқа толған, Молдова Республикасының аумағында кемінде 10 жыл тұрған немесе тұратын және мемлекеттік тілді меңгерген азамат үміткер бола алады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
