| 27.10.2020 |
|
Ақпараттық хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң) 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралдары сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2020 жылғы 4 желтоқсаннан кешіктірмей) хабарлануға және жариялануға тиіс.
Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың үгіттік материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын эфирге және баспа алаңына ақы төлеу мөлшері, ұсыну шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін ұсына алмайды. ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабына сәйкес заңнаманың осы нормасын бұзу лауазымды адамдарға - 30 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер - Орталық сайлау комиссиясына, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде аумақтық сайлау комиссияларына берілуге тиіс.
Анықтама: аумақтық сайлау комиссияларының байланыстары мына электрондық сілтеме бойынша орналасқан: https://www.election.gov.kz/rus/tercomms/
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
