| 20.10.2020 |
|
Нұр-Сұлтан қаласындағы семинар-кеңес
2020 жылғы 19 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Ортсайлауком мүшелері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын пропорционалды жүйе бойынша ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері, сайлау процесі субъектілерінің құқықтық жауапкершіліктері, сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру, сайлау учаскелерінің инфрақұрылымы, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін жағдайды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы мәслихаттары мен Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқанын қаржыландыру, мәслихаттар депутаттарын ұсыну субъектілері ретінде саяи партиялармен өзара әрекеттесу, сондай-ақ сайлау комиссияларының мүшелерін электораттық оқытуды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Оқыту семинар-кеңестің жұмысына ҚР ОСК мүшелері Петров К.В., Мұстафина С.С., Щегорцова А.Г., Сыдықов С.С., Дауылбаев Е.С., бөлім меңгерушілері Бөлеева М.Қ. және Искаков Д.Т. қатысты.
Бұл іс-шара Ортсайлауком мүшелері мен аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері өткізген алты көшпелі семинар-кеңестердің соңғысы.
Өткізілген семинарлардың қорытындысы бойынша 312 сайлау ұйымдастырушылары, оның ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТСК 251 мүшесі және жергілікті атқарушы органдар аппараттарының 61 басшысы қамтылды.
Қазіргі уақытта оқудан өткен АСК мүшелері каскадтық әдіс бойынша жергілікті жерлерде төмен тұрған сайлау комиссияларының мүшелерін даярлауды жалғастыруда.
Алдағы сайлау науқаны шеңберіндегі оқыту шаралары кешенінің келесі бағыты Ортсайлаукомның жоспар-кестесіне сәйкес әзірленген нақты тақырыптар бойынша бейнеконференция байланысы арқылы семинарлар ұйымдастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




