| 13.10.2020 |
|
Павлодар қаласындағы семинар-кеңес
2020 жылғы 12 қазанда Павлодар қаласында өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын Павлодар және Шығыс-Қазақстан облыстарының аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын пропорционалды жүйе бойынша ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері, сайлау процесі субъектілерінің құқықтық жауапкершіліктері, сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру, сайлау учаскелерінің инфрақұрылымы, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін жағдайды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы мәслихаттары мен Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқанын қаржыландыру, мәслихаттар депутаттарын ұсыну субъектілері ретінде саяи партиялармен өзара әрекеттесу, сондай-ақ сайлау комиссияларының мүшелерін электораттық оқытуды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Оқыту семинар-кеңестің жұмысына ҚР ОСК мүшелері К.В.Петров, С.С. Сыдыков, А.Г.Щегорцова, Ортсайлаукомның аппарат басшысы А.К. Галимова қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
