| 28.11.2005 |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында, басқа құзыретті органдар мен ұйымдардың деректерімен алдын ала салыстырылған сайлаушылар туралы мәліметтерді жергілікті атқарушы орган әр жылдың 1 шілдесіне және 1 қаңтарына электрондық жеткізуші арқылы және қағазға түсірілген күйінде тиісті аумақтық сайлау комиссияларына тапсыруы көзделген.
2005 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың аумақтық сайлау комиссияларына ұсынған деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы сайлаушылардың саны 8 598 883 адам болды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезекті Қазақстан Республикасы Президенті сайлауын 2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарлауына байланысты, Орталық сайлау комиссиясы 2005 жылғы 26 қазанда « 2005 жылдың 1 шілдесіндегі сайлаушылар саны туралы деректерге сәйкес бюллетень мәтінін бекіту және бюллетеньдерді дайындау туралы» қаулы қабылдады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңның 24-бабы, 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентін сайлау кезінде сайлаушылар тізімдері жасалады және әкімдер оны дауыс беру басталардан 20 күн бұрын тиісті сайлау комиссияларына акті бойынша ұсынады. 2005 жылғы 13 қарашада әкімдер сайлау комиссияларына сайлаушылардың тізімін ұсынды.
Тиісті мемлекеттік органдар мен Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылар тізімінің толыққандығын және растығын қамтамасыз етуде үлкен жұмыс жүргізді.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 11 қазанда барлық сайлау үрдісіне қатысушыларға қабылдаған Үндеуінде, сайлаушылар тізімдерімен жұмыс істеу жөнінде бірқатар нақты шаралар айтылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, 2005 жылғы 13 қарашадағы жағдай бойынша сайлаушылар тізіміне 8 710 228 сайлаушы енгізілді, бұл 2004 жылғы қыркүйектегі ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауына жасалған сайлаушылардың тізіміне қарағанда, 111 345 сайлаушыға көп.
2005 жылғы 26 қарашада Орталық сайлау комиссиясы, 2005 жылғы 13 қарашадағы жағдай бойынша сайлаушылардың тізіміне енгізілген деректерді ескере отырып «Кезекті Қазақстан Республикасы Президентін сайлауды өткізуге байланысты сайлау бюллетеньдерінің санын белгілеу туралы» қаулы қабылдады. Дайындалуға және сайлау учаскелеріне жеткізілуге тиіс сайлау бюллетеньдерінің саны 8 722 955 (сегіз миллион жеті жүз жиырма екі мың тоғыз жүз елу бес) дананы құрайды. Бюллетеньдердің жалпы санына Қазақстан Республикасындағы сайлаушылардың жалпы санының 0,1 пайызы болатын резервтегі бюллетеньдері кіреді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
