| 24.11.2005 |
|
2005 жылғы 24 қарашада ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Оңалсын Жұмабеков Астана қаласының бірқатар сайлау учаскелерінде болып, 2005 жылғы 4 желтоқсанда өтетін сайлауға сайлау учаскелерінің дайындығымен танысты.
С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университеттің ғимаратында орналасқан №23 сайлау учаскесінде студенттер «Сайлау» электрондық дауыс беру жүйесімен танысты және дауыс берудің жаңа түрін сынап көрді. Атап айтар жайт, «Сайлау» жүйесі орналастырылған учаскеде кез келген сайлаушы электрондық дауыс беру жүйесімен таныса алады.
Қазақстан бойынша барлығы 1447 сайлау учаскесінде электрондық дауыс беру жүйесі қолданылатын болады, бұл елдегі жалпы сайлау учаскелерінің 15,07 % құрайды. Осылайша, 2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті сайлауында сайлаушылардың 31,8 % электрондық дауыс беру жүйесін пайдаланатын болады. Мұндай мүмкіндікті барлық облыс орталықтарының, Алматы, Астана, Теміртау, Екібастұз, Рудный, Жезқазған және Семей қалаларының тұрғындары пайдалана алады. Мұндай техника жабдығы астананың 73 сайлау учаскесіне орнатылатын болады. Орнатылған жабдықты сынақтан өткізу, бұл жүйенің сайлауға іс жүзінде дайын екендігін көрсетті.

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы