| 29.09.2020 |
|
2020 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстанның жоғары оқу орындары студенттері арасында «Әлем мемлекеттерінің сайлау жүйелері» интернет-олимпиадасы басталады
А.ж. 29 қыркүйекте ҚР Орталық сайлау комиссиясының интернет-платформасында Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығымен және ТМД ПАА қатысушы мемлекеттер азаматтарының демократияны, парламентаризмді дамыту және сайлау құқықтарын сақтау мониторингінің халықаралық институтымен бірлесіп ұйымдастырылған Қазақстан жоғары оқу орындары студенттері арасындағы «Әлем мемлекеттерінің сайлау жүйелері» интернет-олимпиадасының бірінші кезеңі басталды.
Интернет-олимпиада халықаралық жобаның іріктеу кезеңі болып табылады және жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, оларды демократиялық сайлау процесінің негіздерімен таныстыруға, олардың сайлау құқықтарын іске асыру үшін білімдерін қалыптастыруға бағытталған.
Интернет-олимпиада екі кезеңде өткізіледі:
- 1-кезең - әлем елдерінің сайлау жүйелері, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау жүйелері, Қазақстанның сайлау жүйесі мәселелері бойынша онлайн – тестілеу (2020 жылғы 29 қыркүйек, сағат 10:00-16:00);
- 2 кезең - "Үздік дебатер" интерактивті байқауы (2020 жылғы 30 қыркүйек).
Бірінші турға қатысу үшін Қазақстанның 32 жоғары оқу орнынан 155 студент өтінім берді.
Интернет-олимпиаданың жеңімпазы а.ж. желтоқсан айында Санкт-Петербург қаласында өтетін халықаралық ғылыми пікірталасқа ТМД құрама командасының құрамында қатысады (ұйымдастырушылардың қаражаты есебінен).
Интернет-Олимпиада туралы Ережеге сәйкес жеңімпаз бен екі жүлдегерді анықтау Ұлттық қазылар алқасына жүктелген, оның құрамына ҚР ОСК, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ конституциялық құқық және сайлау заңнамасы саласындағы ғылыми және сараптамалық қоғамдастық өкілдері кірді.
Интернет-олимпиаданың нәтижелері ҚР ОСК интернет-ресурсында жарияланады. Жоба қатысушыларына сертификаттар беріледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

