| 11.09.2020 |
|
«Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезіндегі сайлау процесінің ұйымдастырушылық-құқықтық және әдістемелік аспектілері» атты оқыту семинары
2020 жылғы 11 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын сайлау кезіндегі сайлау процесінің ұйымдастырушылық- құқықтық және әдістемелік аспектілері» тақырыбында оқыту семинары өтті. Бейнеконференция форматында өткен семинардың қатысушылары облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент ққ. өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері.
Семинарды аша отырып, ҚР ОСК хатшысы С.С. Мұстафина сайлау комиссиялары қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілеріне жасалған талдау ұсынды.
Электораттық оқытудың тренері В.П. Пытева сайлау процесінің құқықтық негіздеріне және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталды.
Оқу іс-шарасы барысында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын пропорционалды жүйе бойынша сайлау үшін сайлау комиссияларының мүшелерін дайындауға арналған материалдардың оқу-әдістемелік кешені ұсынылды және талқыланды.
Электораттық оқытуды ұйымдастыру және талдау бөлімінің меңгерушісі М.Қ. Бөлеева семинарға қатысушылардың назарын электоралды оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі формаларына және тыңдаушылардың практикалық дағдылары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған нақты жағдайларды модельдеуге негізделген білім беру қызметін жүзеге асырудың жаңартылған әдістеріне аударды. Сайлауға дайындық кезінде онлайн-қашықтықтан оқытудың әлеуеті, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсының қашықтықтан оқыту және тестілеу жүйесі қолданылады.
Баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


