| 11.08.2020 |
|
Ақпараттық хабарлама
2020 жылғы 12 тамызда елдің барлық облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 17 депутатының сайлауы өтеді.
Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Республика азаматтары сайлайды.
Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірлерінде (астана уақыты бойынша) сағат 11.00-де басталатын таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі.
Парламент Сенатындағы 17 орынға 46 кандидат үміткер болып отыр.
Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілген.
Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында дауыс беру күні онлайн бақылау сервистері жұмыс істейтін болады:
- таңдаушыларды тіркеу (астана уақыты бойынша сағат 10.00-11.00);
- дауыс берудің алдын ала қорытындысын шығару.
Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК телеграм-каналында жарияланатын болады - https://t.me/electionelection.
Баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
