| 11.08.2020 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен байқаушылар миссиясымен кездесуі
2020 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов басқарып келген Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен байқаушылар миссиясымен кездесті.
Кездесу барысында Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров байқаушыларды Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастыру жөніндегі қызметімен таныстырып, сайлау науқанының ерекшеліктері туралы, коронавирустық пандемия жағдайындағы дауыс беру күніне дайындық барысы туралы егжей-тегжейлі айтты.
Өз кезегінде, Рашад Маммадов сайлауды байқауға қатысуға шақырғаны үшін алғыс ын білдірді және Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің өкілдері Қазақстанда, оның ішінде Сенат депутаттарын сайлауда үлкен оң тәжірибеге ие екендігін атап өтті.
Кездесу соңында екі тарап бір-біріне жұмыстарына сәттілік тіледі.
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін (ТМЫК немесе Түркі кеңесі) құру туралы келісімге Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2009 жылғы 3 қазанда Нахчыван қаласында (Әзірбайжан Республикасы) Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитінде қол қойылды. Қазіргі уақытта ТМД қатысушылары - Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия. Байқаушы ел - Венгрия.
Баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





