| 10.08.2020 |
|
«2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауы кезіндегі дауыс беру күніне дайындық туралы»
2020 жылғы 10 тамызда 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы кезіндегі дауыс беру күніне дайындық мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа видеоконференцбайланыс режимінде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары және онлайн режимде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
ҚР ОСК Төрағасы Берік Имашев 10 тамызда сағат 00:00-де кандидаттардың сайлауалды үгітті жүргізуі аяқталады. Осымен, Күнтізбелік жоспарға сәйкес дауыс беру күнін ұйымдастырумен және өткізумен байланысты барлық сайлауалды іс-шаралар аяқталады.
Осыған байланысты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының дауыс беру күніне дайындық туралы ақпараттары тыңдалды.
Сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес сайлау бюллетендеріне 46 кандидат енгізілді (тіркеуден кейін 12 кандидаттан кандидатураларын алып тастау туралы өтініш берілді).
Яғни, Шығыс Қазақстан облысынан - 4 кандидаттан, ал 10 өңірден 3 кандидаттан: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары. Қалған өңірлерден - 2 кандидаттан.
Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілген. Олардың басым бөлігі Алматы облысынан - 317 және Шығыс Қазақстан облысынан – 301, ал едәуір аз бөлігі Нұр-Сұлтан қаласынан - 21, Шымкент қаласынан - 26 және Алматы қаласынан - 32.
Берік Имашев аймақтардағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын атап өтті.
Бұдан басқа, сайлау күні Ортсайлаукомның интернет-ресурсы арқылы таңдаушыларды тіркеуді және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруды онлайн байқау сервистері жұмыс істейтін болады, бұл сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.
Баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




