| 17.11.2005 |
|
2005 жылдың 16 қарашасында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков АҚШ Конгресінің Хельсинки Комиссиясы Аппаратының басшысы Шон Вумен кездесті. Кездесу барысында алдағы Қазақстан Республикасының Президентін сайлауды дайындау мен өткізу мәселелері талқыланды.
О. Жұмабеков кездесуде атап өткендей, «Алдағы Қазақстан Республикасының Президентін сайлаудың барынша ашық, әділ және жария өтуі үшін Қазақстан барлық қажетті шараларды жасап жатыр».
«Қазақстан Республикасының Президентін сайлауды дайындау мен өткізу барысының ашықтығын көрсету мақсатында біз халықаралық байқаушыларды шақырып отырмыз». Қазақстан Республикасының заңы бойынша, Ортсайлаукомда тіркеуден өткен халықаралық байқаушылардың сайлау учаскелерінде қатысуы шектелмеген. Сонымен қатар, ҚР Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары және БАҚ өкілдері сайлау күні сайлау учаскелерінде бола алады. Ашықтықтың мұндай деңгейін ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттердің көпшілігінен көре алмайсыз.
Өз кезегінде Ву мырза «сайлау процесінің ашық өтуін қамтамасыз етіп отырған Ортсайлаукомның рөлі зор» екендігін атап өтті.

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы