| 12.03.2020 |
|
ҚР ОСК-да Сарапшылық-әдістемелік кеңестің отырысы өтті
2020 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Е.С. Дауылбаевтың төрағалығымен Ортсайлауком жанындағы Сарапшылық-әдістемелік кеңестің (бұдан әрі – Сарапшылық-әдістемелік кеңес) отырысы өтті.
Сарапшылық-әдістемелік кеңес халықаралық нормалар мен шетелдік электораттық тәжірибені ескере отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу және консультациялық қызметтер көрсету арқылы қазақстандық сайлау заңнамасы мен құқық қолдану практикасын жетілдіру мақсатында құрылған.
Сарапшылық-әдістемелік кеңестің отырысына Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры М.С. Башимов, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Ш.Ш. Шаяхметов, қазіргі заманғы құқық Институтының директоры И. Ш. Борчашвили, "Тұран-Астана" университетінің ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының профессоры А.С.Сман және Орталық сайлау комиссиясының сайлау процесін ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары М.М. Қаныбеков, ҚР ОСК сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің бас консультанты А.А.Жәкенов, Орталық сайлау комиссиясының құқықтық сараптама бөлімінің бас консультанты Қ.Е.Қасымов, "ҚР ОСК ИТО" РМК Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Б.С.Аңсатов қатысты.
Сарапшылық-әдістемелік кеңес мүшелері республикалық референдум туралы заңнаманы жетілдіру перспективасы, сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс беру құпиясын сақтау қағидаты, сайлау заңнамасын бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік: конституциялық-құқықтық жауапкершілік; әкімшілік-құқықтық жауапкершілік; қылмыстық-құқықтық жауапкершілік; азаматтық-құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ 2020 жылға арналған жұмыс жоспары мәселелерін талқылады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



