| 04.03.2020 |
|
ҚР ОСК Төрағасының орынбасары К.В.Петров Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды
2020 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Кәсіби даму институтында «Сайлау процесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» тақырыбында дәріс оқыды.
Оқыту іс-шарасы «Мемлекеттік басқарудағы цифрлық инновациялар. Бизнес-процестерді оңтайландыру» тақырыбындағы семинар аясында өткізілді. Семинарға басқару процесіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізуді іске асыратын орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Дәрісте азаматтардың сайлау процесіне деген сенім деңгейін жоғарылату мақсатында цифрлық технологияларды енгізудің, сондай-ақ сайлау құқықтарын іске асыруда халықаралық қағидаттар мен стандарттарды электрондық дауыс беру жүйесін пайдалану барысында сақтаудың рөлі мен маңыздылығын жеткізді.
Азаматтарға сайлау құқықтарын іске асыру үшін сайлаушылар тізіліміне қосу және сайлау учаскесі туралы ақпаратты алу процесін автоматтандыру арқылы электронды қызмет көрсетуге аса назар аударылды.
Іс-шараның соңында пікір алмасу жүргізілді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

