| 02.03.2020 |
|
Тәжікстан Республикасындағы парламенттік сайлауды байқауға Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылары тобы қатысты
2020 жылғы 1 наурызда ҚР ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина бастаған Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылар тобы Тәжікстан Республикасы Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли депутаттарының сайлауын байқауға қатысты.
Қазақстандық делегация өкілдері Душанбе және Бохтар қалаларында сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын, дауыстарды санау және сайлау нәтижелерін санау барысын қадағалады.
ҚР ОСК хатшысы С.Мұстафина ТМД байқаушылары миссиясының үйлестірушілер кеңесінің отырысына қатысты, онда ТМД байқаушылары миссиясының Тәжікстан Республикасы Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли депутаттарының сайлауына дайындықты және өткізуді бақылау нәтижелері туралы мәлімдемесі қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, ТМД және ШЫҰ миссиялары, сондай-ақ ТМД Парламентаралық Ассамблеясының делегациясы құрамында Тәжікстан Республикасындағы сайлауды байқауға 24 байқаушы қатысты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


