| 25.02.2020 |
|
ҚР ОСК Тәжікстан Республикасының парламенттік сайлауына жіберілетін байқаушылардың тізімін бекітті
2020 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында 2020 жылғы 1 наурызда өтетін Тәжікстан Республикасының Маджлиси намояндагон депутаттарының сайлауына жіберілетін халықаралық бақылаушылардың тізімі бекітілді.
Тізімге Қазақстан Республикасынан 22 байқаушы енгізілді: Тәжікстан Республикасы ОСК шақыруы бойынша екі байқаушы, ТМД-дан байқаушылар Миссиясы құрамында 19 байқаушы, ШЫҰ-дан байқаушылар Миссиясы құрамында бір байқаушы. Жіберілетін кандидатуралардың жалпы санының 12 байқаушысы Қазақстан өңірлерінен ұсынылды.
Естеріңізге сала кетейік, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон елдегі парламенттік сайлауды тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл Тәуелсіз Тәжікстанның тарихында 63 депутат сайланатын алтыншы парламенттік сайлау.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

