| 21.02.2020 |
|
ҚР ОСК мүшесі Е.С. Дауылбаев ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында дәріс оқыды
2020 жылғы 21 ақпанда ҚР ОСК мүшесі Е.С.Дауылбаев ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары аясында дәріс оқыды.
Дәріс барысында Қазақстанда сайлауды мемлекеттік басқарудың жоғары органдарын қалыптастырудың тетігі ретінде өткізудің ерекшелігі, сондай-ақ сайлау процесіне азаматтық қоғам институттарының қатысуының рөлі мен өзектілігі ашып көрсетілді.
Дәріс оқушы орталық және өңірлік деңгейлерде сайлау науқандарын өткізу барысында сайлау және құқық қорғау органдарының сындарлы өзара іс-қимылдарының сайлау ұйымдастырушылары мен сайлау процесіне басқа қатысушылары қызметтерінің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның соңында пікір алмасу жүргізілді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
