| 30.11.2005 |
|
Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысындағы сайлау учаскелерінің барлығы дауыс беруге дайын. Облыстық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 26 сәуірдегі №1/2 қаулысымен белгіленген нысан бойынша тиісті облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы сайлаушылар тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 5 %-ы (бес пайызы) есебінен дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін типогафия тәсілімен дайындаған. Және аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына сайлаушылар тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 3 %-ы (үш пайызы) есебінен есептен шығару куәліктерін жеткізуді қамтамасыз етіп, тиісті сайлау учаскесіне берді.
112 сайлау учаскесі электрондық дауыс беру жүйесіне әзір. Сайлаушылардың мекен-жайы бойынша кітапшалар мен жаднамаларды тарату жұмысы аяқталды. Сайлаушылардың жеке күәліктеріне штрих-кодтарды жапсыру жұмысы жалғасуда.
Cайлаушыларды мекен-жайы бойынша cайлау учаскелерінде электрондық дауыс беруге үйрету жұмысы күнделікті өткізілуде.
Сайлау комиссиясының төрағалары мен хатшылары үшін оқыту семинарлары жүргізілуде. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы 2005 жылдың 23 қарашасында «Сайлауды қадағалау жөніндегі комитет» РҚБ облыстық бөлімшесі басшылығымен өткізілген сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына арналаған оқыту семинарларына қатысты.
Барлық телеарналарда, меншік түріне қарамастан, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы тапсырысымен әзірленген ұйымдастыру роликтері көрсетілуде. Сайлауды жария ету жөніндегі бұқаралық ақпарат құралдары қызметіне мониторинг жүргізілуде.
Халықаралық байқаушылармен және халықаралық ұйымдармен өзара тұрақты қарым-қатынас орнатылған.
Облыстық сайлау комиссиясы халықаралық байқаушылар Д. Клейтонмен (Англиядан) және С. Апостоловамен (Болгариядан) кездесулер өткізді.

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы