| 10.02.2020 |
|
Қазақстан Республикасының халықаралық байқаушылар тобы Әзірбайжан Республикасындағы парламенттік сайлауды байқауға қатысты
2020 жылдың 9 ақпанында Қазақстан Республикасынан 43 халықаралық байқаушы Әзірбайжан Республикасының Милли Меджлис депутаттарының сайлауын байқауға қатысты.
Бір палаталы Парламентте 125 орынға 1314 кандидат үміттеніп отыр. Олардың 11-і сайлаушылардың бастамашыл топтарымен, 246-сы он тоғыз саяси партиялармен ұсынылған, 1057 кандидат өзін-өзі ұсынушылар. Олардың құрамында әйелдер үміткерлердің жалпы санының 21 пайызын, ерлер - 79 пайызын құрады. Дауыс беру тізіміне 5,3 млн астам азамат енгізілді. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін ашық болды.
Қазақстандық делегация өкілдері Баку, Ленкарань қалаларында және Әзірбайжан Республикасының 4 ауданында, атап айтқанда: Бард, Загатала, Шамкир, Агджабеди қалаларында байқау жүргізді. Халықаралық байқаушы ретінде Қазақстан Республикасының өкілдері сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын, дауыстарды санау және сайлау нәтижелерін шығаруды байқады.
Естеріңізге сала кетейік, Әзірбайжан Республикасындағы сайлауды байқауға Қазақстан Республикасынан 43 байқаушы қатысты, оның ішінде: 2 – Әзірбайжан ОСК шақыруы бойынша; 37 – ТМД – дан байқаушылар Миссиясының құрамында; 2 – ЕҚЫҰ-ның сайлауды бақылау жөніндегі ДИАҚБ/ЕҚЫҰ Миссиясының құрамында және ШЫҰ мен ТМЫК байқаушылар миссиясының құрамында бір-бір байқаушыдан қатысты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



