| 10.02.2020 |
|
ҚР ОСК аппаратының қызметкері Ш.Т.Шаяхметова ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында дәріс оқыды
2020 жылғы 10 ақпанда ҚР ОСК Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөілімінің қызметкері Ш.Т. Шаяхметова ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары аясында «Сайлау Қазақстанда билік органдарын құру тетігі ретінде» тақырыбында дәріс оқыды.
Прокуратура органдарының өңірлік құрылымдық бөлімшелерінің жас қызметкерлері қатысқан іс-шара барысында сайлау институтының қоғамдық билікті қалыптастырудың нормативтік белгіленген тетігі ретіндегі заң шығарушы және атқарушы билік органдарының заңдылығын қамтамасыз етудегі маңыздылығы түсіндірілді.
Дәріс оқушы сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің халықаралық және қазақстандық тәжірибелері негізінде азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің және партиялардың саяси қатысуының, сондай-ақ азаматтардың сайлау құқықтарын ел заңнамасы мен халықаралық қағидаларға сәйкес іске асыруды қамтамасыз ету жұмысында сайлау органдары мен прокуратура органдарының ынтымақтастығының рөлі мен маңызын ашып көрсетті.
Іс-шараның соңында пікір алмасу жүргізілді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


