| 29.01.2020 |
|
ҚР ОСК өкілі В.А. Жексембекова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында дәріс оқыды
2020 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бас консультанты с.ғ.д., профессор В.А. Жексембекова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында «Сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуде соттардың және БАҚ-тың өзара іс-қимылы» тақырыбында дәріс оқыды.
Аталған тақырып аясында дәріскер БАҚ арқылы сот органдарының қызметін сапалы ақпараттық жариялау, сондай-ақ сот органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылының негізгі қағидалары сияқты мәселелерді ашты. Сонымен қатар, сот жүйесінің ақпараттық ашықтығының маңыздылығы, сондай-ақ 2016 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тұжырымдамасының рөлі атап өтілді.
Дәріс соңында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

