| 27.01.2020 |
|
2020 жылғы 23-25 қаңтарда Нью-Дели қ. ҚР ОСК Үндістан сайлау комиссиясының бірқатар іс-шараларына қатысты
2020 жылғы 23-25 қаңтарда ҚР ОСК өкілі Үндістанның сайлау комиссиясының Нью-Дели қ. жыл сайын 25 қаңтарда аталып өтетін Ұлттық сайлаушылар күнін мерекелеуге арналған бірқатар іс-шараларға қатысты.
Ұлттық сайлаушылар күнін мерекелеу аясында Нью-Дели қ. «Институционалдық әлеуетті нығайту» атты халықаралық конференция өтті.
Халықаралық конференцияның жұмысына Мальдив, Бутан, Бангладеш, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Маврикий, Непал, Тунис, Шри-Ланка сайлау комиссияларының өкілдері, сондай-ақ Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы (A-WEB), Халықаралық демократия және сайлауға көмек көрсету институтының (IDEA), Сайлау жүйелерінің халықаралық қорының (IFES) өкілдері қатысты.
Конференция барысында сайлау органдары мен халықаралық ұйымдардың басшылары мен делегациялары өкілдері өздерінің презентацияларын ұсынды әрі сайлау саласындағы институционалдық әлеуетті нығайтуға бағытталған өздерінің тәжірибелері мен бастамалары туралы айтып берді.
10-ші Ұлттық сайлаушылар күні мерекесі Макеншоу орталығында Үндістан Президентінің, шетелдік делегациялардың, дипломатиялық миссиялардың, Үндістан қоғамы өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Мереке Үндістан Үкіметі тарапынан жас сайлаушылардың азаматтық белсенділігін арттыру және оларды саяси үдеріске тарту мақсатында 2011 жылы бекітілді.
Осы іс-шараларға Қазақстанның Ортсайлаукомның қатысуы Қазақстан мен Үндістанның орталық сайлау органдарының екіжақты ынтымақтастығының белсенді жалғасы болды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


