| 02.12.2005 |
|
2005 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12, 50-1 баптарына сәйкес «Электрондық сайлау жүйесін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың тәртібі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» Қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қаулы қабылданды.
Электрондық сайлау жүйесін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың тәртібі туралы Ережелердің (бұдан әрі Ереже), 4-тармағынан 3-тармақша алынды. Ереже мынадай мазмұндағы 4-1 тармақшамен толықтырылды:
«Дауыс беру басталғанға дейін сайлау комиссиясының төрағасы электрондық сайлау жүйесін іске қосудың мөр басылып жабылған паролін ашады және оны енгізу жолымен электрондық сайлау жүйесін іске қосады. Бұл кезде сенім білдірілген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы және оларға парольдің сақталу шараларының бүтіндігіне алдын-ала көз жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс».
Аталған өзгерістер барлық электрондық сайлау жүйесін алдын ала іске қосуға байланысты кешенді дайындық шараларын өткізу қажеттілігінен туып отыр.

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы