| 17.01.2020 |
|
РХШМҚА ОРБИ Инновациялық-технологиялық орталығымен скайп-конференция
2020 жылғы 16 қаңтарда ҚР ОСК аппаратының Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімі Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Оңтүстік-Ресейлік басқару институтының (РХШМҚА ОРБИ) Ростов облысы бойынша Инновациялық-технологиялық орталығымен әлеуметтік IT-жобалардың өңірлік конкурсының жеңімпазы атанған «Учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін дайындауға арналған виртуалды оқыту симуляторы» жобасымен танысу мақсатында скайп-конференция өткізді.
Конференцияға РХШМҚА ОРБИ директорының орынбасары Алексей Викторович Баранов, РХШМҚА ОРБИ Инновациялық-технологиялық орталығының директоры Алексей Васильевич Тагаев, сондай-ақ дайындаушылар тобының жетекшісі Сергей Сергеевич Кузьминский қатысты.
Талқылау барысында ресейлік әріптестеріміз Ростов облысы сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейлерін арттыру үшін пайдаланылатын оқыту симуляторы, оның техникалық сипаттамалары туралы баяндады.
Симулятор ойын түрінде сайлау комиссиясының әрбір мүшесіне қажетті жаңа құзыреттіліктер алуға және білім деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Ойын дауыс беру күнін комиссия мүшелері мен байқаушыларды тіркеуден бастап дауыстарды санауды аяқтағанға дейінгі үлгісін жасады.
Жиналыс қорытындысы бойынша пікір алмасу болды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


