| 24.12.2019 |
|
Қазақстан Республикасының халықаралық бақылаушылар тобы Өзбекстан Республикасындағы парламенттік сайлауды бақылауға қатысты
2019 жылы 22 желтоқсанда ҚР ОСК төрағасы Б. Имашев бастаған Қазақстан Республикасының халықаралық бақылаушылар тобы Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілістің заң шығару палатасына сайлауды бақылауға қатысты.
Қазақстандық делегацияның өкілдері Ташкент, Самарқанд, Бұқара және Қоқан қалаларында байқау жүргізді. Бұдан басқа, аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері Қарақалпақстан автономиялық республикасында және Өзбекстанның 10 облысында 222 сайлау учаскесін бақылады. Халықаралық бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасының өкілдері сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын, дауыстарды санауды және сайлау нәтижелерін шығаруды байқады.
Сонымен қатар, Қазақстан өкілдері Өзбекстан Республикасының ОСК, Конституциялық сот және Олий Мәжілістің заң шығару палатасы ұйымдастырған «Парламенттік сайлауды өткізудің конституциялық-құқықтық негіздері: Өзбекстан мен дамыған демократиялық елдердің тәжірибесі» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты. Конференцияда Ұлттық сайлау заңнамаларын дамыту ерекшеліктеріне, демократиялық сайлауды өткізу кепілдіктеріне, олардың ашықтығына қатысты мәселелер талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан Республикасындағы сайлауды байқауға Қазақстан Республикасынан 65 байқаушы қатысты, оның ішінде 7 - Өзбекстан Республикасы ОСК шақыруы бойынша; 51 – екі жақты негізде; 5 – сайлауды бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамында; 2 - ШЫҰ сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының құрамында, сондай-ақ ТМД ПАА мен ЕҚЫҰ ПА делегациясы құрамында Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілдері бақылады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
