| 20.11.2019 |
|
ҚР ОСК аппаратының қызметкерлері
Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясындағы
Республикалық диалогтық алаңына қатысты
А.ж. 18-20 қарашада Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған Мемлекеттік жастар саясаты мектебі жұмысының қорытындылары бойынша диалогтық алаң өтті.
Өңірлік жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Республикалық диалогтық алаңның Үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР ОСК аппаратының электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің бас консультанты Т.Ж.Рыспеков «Жастардың электораттық-құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жобалар туралы» тақырыпта сөз сөйледі.
Ортсайлаукомның өкілі өз сөзінде мектеп жасынан бастап әр жас азаматта сайлауға саналы көзқарасты қалыптастырудың маңыздылығына, жастарды сайлау заңнамасын білуге және сайлау процестеріне қатысу дағдыларына баулуға бағытталған Ортсайлаукомның мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері және жас мемлекеттік қызметшілердің арасында іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесіне қатысушылардың назарын аударды.
Отырысқа қатысушылар жастардың электораттық мәдениетін арттыру бойынша бірлескен жобаларды болашақта іске асыруға үлкен қызығушылық танытты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


