| 04.11.2019 |
|
ҚР ОСК өкілдері A-WEB оқыту бағдарламасына қатысты
Ағымдағы жылғы 22 қазан – 1 қараша аралығында қазақстандық делегация A-WEB Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы Корея Республикасының Инчон қаласында ұйымдастырған «Болашақ сайлаушылардың саяси қатысуын ынталандырудың тәсілдері» тақырыбындағы оқыту бағдарламасына қатысты.
Қазақстан делегациясының құрамына ҚР ОСК аппаратының қызметкерлері Ә.Н. Адамбек, Ғ.К. Жалмырзаев, Ш.Т. Шаяхметова енді. Жалпы алғанда оқыту бағдарламасына A-WEBке кіретін жеті мемлекеттің өкілдері қатысты.
Бағдарлама барысында жастардың электораттық-құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу өткізіліп, жас және болашақ сайлаушыларды мектеп бағдарламалары мен азаматтық оқыту пәндері негізінде саяси белсенділікке ынталандырудың өзекті мәселелері талқыланды.
А.ж. 24 қазанда бағдарлама қатысушылары Сеулдегі сайлау туралы халықаралық форумға қатысты.
A-WEB Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы 119 мүше елді біріктіріп, 2011 жылы құрылды. Қазақстан Республикасы 2013 жылдан бастап A-WEB мүшесі болып табылады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





