| 25.10.2019 |
|
ҚР ОСК хатшысы С.Мұстафина Сеул халықаралық сайлау жөніндегі форумына қатысты
ҚР ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина бастаған қазақстандық делегация Кореяның Ұлттық сайлау комиссиясының шақыруымен 2019 жылдың 24 қазанында Сеулде өткен Сеул халықаралық сайлау жөніндегі форумына қатысты.
Корея Республикасының Ұлттық сайлау комиссиясы 2015 жылдан бастап жыл сайын халықаралық ұйымдар, академиялық қоғамдастық, сонымен қатар әр түрлі елдердің сайлау органдары өкілдерінің қатысуымен Сеул халықаралық сайлау жөніндегі форумын өткізіп келеді.
Сеулдің бесінші, мерейтойлық халықаралық форумының тақырыбы өзгеріп жатқан әлемдегі сайлау органдарының рөлін талқылау болды. Форумның сессиялық мәжілістері жаңа медиа дәуірінде еркіндік пен жауапкершілікті қамтамасыз етуге, қоғамдық пікірге сұрау салу рәсімдерінің сенімділігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың сайлауға қатысуын арттыруға арналды. Форумға қатысушыларға сарапшылар саласының өкілдерімен белсенді пікірталаста, демократиялық ортадағы өзгерістер, жаһандық трендтер және барлық елдердің сайлау жүйелері алдындағы міндеттер тұрғысында сайлаудың талқылаудың бірегей мүмкіндігі берілді.
Форуммен қатар қазақстандық делегация Сувон қаласындағы Корей Демократия үшін азаматтық білім беру институтында (KOCEI) өткен Сайлаушылар фестиваліне арналған іс-шараларға қатысты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



