| 18.10.2019 |
|
ҚР ОСК Төрағасының орынбасары К. Петров Минск қ. өткен халықаралық конференцияға қатысты
ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы, ТМД Атқару комитеті және Беларусь Республикасы Сайлау және республикалық референдумдар өткізу жөніндегі Орталық комиссиясы ұйымдастырған «Сайлау институты қоғамдық билікті заңдастырудың тетігі ретінде» 2019 жылдың 17-18 қазанында Минск қ. халықаралық конференцияға қатысты.
Халықаралық конференция ТМД кеңістігінде сайлау мен референдум өткізуді заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат және тәжірибе алмасу; құқықтық және сайлау мәдениетін дамыту; азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қалыптастыру; Достастық елдері халқының мемлекеттік органдарды қалыптастыруға қызығушылығын арттыру мақсатында өтті.
Іс-шараға 80-нен астам адам, оның ішінде ұлттық парламенттердің депутаттары, конституциялық соттардың судьялары, ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау комиссияларының басшылары, конституциялық және сайлау құқығы саласындағы жетекші сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
17 қазанда Халықаралық конференцияға қатысушылар келесі тақырыптар бойынша үш пленарлық сессияға қатысты:
• «Конституциялық құрылыс және қоғамдық билікті заңдастыру»;
• «Халықаралық тәжірибе және сайлау/референдумдар процесінде мемлекеттік билікті заңдастыру мәселелері»;
• «Сайлауды байқау қоғамдық билікті заңдастырудың институты ретінде».
Екінші пленарлық отырыс аясында ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров «Сайлау процесінде қоғамдық билікті заңдастырудағы азаматтық қоғамның рөлі» туралы баяндама жасады.
Константин Петров өз сөзінде «демократияда шешуші рөл азаматтық қоғамға тиесілі. Қазақстандық болмыста кезде азаматтық қоғам -демократиялық тәртіптің, тиімді жұмыс істейтін қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйенің бастыы бенефициары болып табылады. Және ол бүкіл жүйенің тиімді жұмысына мүдделі.
Қоғамның белсенді бөлігінің қоғамдық байқауға қатысуға деген ұмтылысының айқын көрінісі бірқатар мамандандырылған қоғамдық ұйымдардың құрылуы болды, бұл сөзсіз оң нәтиже береді. Олардың бәсекелес қызметі сайлау рәсімдерін жетілдіруге оң әсер етеді».
18 қазанда Халықаралық конференция Үкімет үйінде өз жұмысын жалғастырды. Конференцияға қатысушылар Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысында жүргізіліп жатқан сайлау науқанына қатысты практикалық мәселелерді талқылады. Олардың баяндамаларын Орталық комиссияның Төрайымы Лидия Ермошина, Орталық комиссияның хатшысы Елена Дмухайло, сондай-ақ Брест облыстық сайлау комиссиясының өкілдері ұсынды.
Халықаралық конференция қатысушылардың Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Өкілдері палатасының қызметі туралы Республиканың Үкімет үйіндегі көрмеге баруымен аяқталды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




