| 11.10.2019 |
|
ҚР ОСК мүшесі Б.С.Мелдешов ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында дәріс оқыды
2019 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Сәрсенбайұлы Мелдешов Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Қазақстанның сайлау жүйесі дамуының тарихы: құқықтық аспект» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс аумақтық прокуратура органдары басшыларына арналған «Прокуратура органдарында қызметті ұйымдастыруға және басқаруға заманауи тәсілдер» атты курстарда өткізілді.
Сабақ барысында Қазақстан Республикасы сайлау жүйесін реформалаудың негізгі кезеңдері, азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау саласындағы халықаралық қағидаттарға сәйкес сайлау заңнамасын қалыптастыру мен дамытудың теориялық және тәжірибелік аспектілері егжей-тегжейлі баяндалды. Сондай-ақ дәріс оқушы прокуратура органдарының сайлау рәсімдерінің заңдылығы мен азаматтардың электораттық-құқықтық мәдениетін аррттырудағы ерекше рөлін атап өтті.
Дәріс соңында пікір алмасу жүргізілді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


