| 02.10.2019 |
|
Қазақстан Республикасы ОСК Төрағасы Б. Имашев ЕҚЫҰ/ДИАҚБ семинарына қатысты
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев 2019 жылғы 1 қазанда Вена қаласында (Аустрия Республикасы) өткен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ семинарына қатысты.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ семинарына сайлау органдарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ЕҚЫҰ сайлау сарапшылары және ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің үкіметтік емес ұйымдары қатысты.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ семинарының барысында сайлау саласындағы халықаралық міндеттемелер, сайлау стандарттары мен халықаралық тәжірибе саласындағы соңғы жетістіктер, оның ішінде сайлау алдындағы үгіт, сайлауды басқару органдары мен сайлаушылар тізімдері, IT- технологиядарды қолдану, сондай-ақ ДИАҚБ ұсынымдарының орындалуы талқыланды.
Семинар соңында оның жұмысының қорытындылары шығарылды, онда іс-шараға қатысушылар демократиялық сайлау өткізу саласындағы ЕҚЫҰ міндеттемелерінің, басқа да халықаралық міндеттемелер мен стандарттардың рөлін одан әрі нығайтудың маңыздылығын, сондай-ақ сайлау процесін ұйымдастыру бойынша ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында кеңінен диалог жүргізуді ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



