| 18.09.2019 |
|
ҚР ОСК "Сайлауда ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану; ашықтық және есептілік" халықаралық симпозиумына қатысты
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Түркия Республикасы Жоғары сайлау Кеңесінің шақыруы бойынша 2019 жылғы 15-17 қыркүйекте Анкара қаласында өткен «Сайлауда ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану; ашықтық және есептілік» атты халықаралық симпозиумға қатысты.
Симпозиумға шет мемлекеттердің сайлау органдарының 40-тан астам өкілдері, сондай-ақ 20 елдің сайлау комиссияларының сарапшылары қатысты. Симпозиумда елдердің сайлау жүйелерінде жаңа технологияларды қолдану мәселелері қаралды.
Симпозиумның бірінші күні іс-шараға қатысушы елдердің сайлау процестерінде инновациялық ақпараттық технологияларды қолдану мәселесіне арналды.
Екінші күні IT технологиялар мен инновациялық қосымшаларды қолдану арқылы сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және арттыру тақырыбында болды.
Симпозиум аясындағы қорытынды тақырып мүдделі тараптардың (азаматтар мен саяси партиялар) сайлау процесін бақылау үшін IT қосымшаларын қолдану туралы болды.
Сонымен қатар, симпозиум бағдарламасы аясында ҚР ОСК өкілдері Түрік Республикасының Жоғары сайлау кеңесіне барып, кеңес мүшелерімен кездесті. Олар Түркияның сайлау жүйесінің ерекшеліктерімен, сондай-ақ Түркия Республикасындағы сайлауда қолданылатын инновациялық ақпараттық технологияларымен танысты.
Аталған симпозиум сайлау процесінің болашағы электораттың сайлау құқықтарын іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер беретін инновациялық цифрлық технологияларды қолданумен тығыз байланысты екенін көрсетті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



