| 16.09.2019 |
|
Бүгін қазақстандық студенттердің қатысуымен «ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттерде парламентаризмді дамыту»атты халықаралық ғылыми пікірталас басталды
2019 жылғы 16 қыркүйекте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының Санкт-Петербург қаласындағы Парламенттік орталығында «ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттерде парламентаризмді дамыту» тақырыбы бойынша ғылыми пікірталас нысанында халықаралық конференция өз жұмысын бастайды.
Пікірталас екі команда: ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құрама командасы және Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысы жоғары оқу орындарының құрама командасы арасында өтеді. ТМД құрама командасына қатысу а.ж маусым айында Әзірбайжанда, Арменияда, Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресей Федерациясында сайлау құқығы мәселелері бойынша өткізілген ұлттық викторинаның жеңімпаздары үшін жүлде болды.
ҚР ОСК Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығымен өзара бірлесіп өткізген сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы ұлттық викторинаның жеңімпаздары болып Қазақ-орыс халықаралық университетінің студенті Есеналин Роман, Каспий қоғамдық университетінің студенті Букенов Руслан және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Қаниятов Жәнібек танылды.
Халықаралық демократия күніне орайластырыла өткізілген іс-шараның ұйымдастырушылары ТМД ПАА Кеңесінің Хатшылығы және Демократияны, парламентаризмді дамыту және ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау мониторингінің халықаралық институты болып табылады.
Пікірталастың халықаралық әділ қазылар құрамында - алдыңғы қатарлы мәскеулік және петерборлық жоғары оқу орындарының саясаттанушы - ғалымдары, ТМД ПАА, Ресей Федерациясы Конституциялық Сотының, Ленинград облыстық сайлау комиссиясының өкілдері, «Парламентская газета» редакторы. Қазақстан жағынан әділ қазылардың тең төрағасы болып М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің ғылыми-құқықтық сараптама мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор М.Ч. Қоғамов қатысуда.
Айта кету керек, осы мемлекетаралық жобаны жүзеге асыру аясында Халықаралық ұйымдастыру комитетінің құрамында сайлау құқығы саласындағы ұлттық сарапшылар, ТМД ПАА ДПДМХИ филиалдарының басшылары жұмыс атқарып жатқанын көрсеткен жөн.
Қазақстандық студенттерді зияткерлік жекпе-жекке дайындаумен ҚР ОСК электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы Ш.Т. Шаяхметова және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Г.К. Исенова айналысты.
Пікірталас туралы ақпарат ТМД ПАА ресми сайтының www.iacis.ru арнайы парақшасында орналасқан.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




