| 05.09.2019 |
|
ҚР ОСК ДСОҚ БА жұмысына және халықаралық конференцияға қатысты
2019 жылғы 3-4 қыркүйекте ҚР ОСК өкілдері Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығының (A-WEB) 4-ші Бас Ассамблеясының отырысына және «Сайлаудағы әлеуметтік желілердің бастамалары мен мәселелері, ақпараттық технологиялар» тақырыбындағы Бангалор қаласында (Үндістан) өткен халықаралық конференцияға қатысты.
Іс-шараларға әлемнің 50 елінің сайлау органдарының, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың 120-дан астам өкілі қатысты.
2019 жылғы 3 қыркүйекте A-WEB 4-ші Бас ассамблеясының отырысында A-WEB төрағалығы 2021 жылға дейін Үндістанның Сайлау комиссиясына берілді. Бұған дейін бұл ұйымды Румыния басқарған. Сонымен бірге ОАР ОСК ұсынған ұйымның төрағасының орынбасары, сонымен қатар Атқару комитетінің жаңа мүшелері және A-WEB Бас хатшысы сайланды. Сондай-ақ A-WEB Жарғысына өзгерістер қаралды, ДСОҚ Хатшылығының 2017-2019 жж. атқарылған жұмыстар туралы есебі және қаржылық есебі тыңдалды, A-WEB жұмыс жоспары талқыланды.
A-WEB-тің жаңа басшысы, Үндістанның Сайлау комиссиясының төрағасы Сунил Арора Дүниежүзілік сайлау органдарының қауымдастығы «сайлау мәніне араласпай, электораттық процесті қамтамасыз ету әдістерін нығайтуға арналған нағыз жаһандық ұйым» деп атап өтті.
2019 жылдың 4 қыркүйегінде «Әлеуметтік желілердің бастамалары мен мәселелері, сайлаудағы ақпараттық технологиялар» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Конференция барысында 11 елдің тәжірибесі ұсынылып, конференцияға қатысушы елдердегі сайлау науқандары кезіндегі әлеуметтік желілер мен ақпараттық технологиялардың рөлі талқыланды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



