| 22.07.2019 |
|
ҚР ОСК өкілдері 2019 жылғы 21 шілдеде
Украинадағы сайлауды байқауға қатысты
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Украина Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен 2019 жылғы 21 шілдеде өткен Украинаның халық депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқауға қатысты.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы делегациясының құрамына ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Викторович Петров, ҚР ОСК бөлімінің бас консультанты Түсіп Жетенұлы Рыспеков, «ҚР ОСК ИТО» РМК департаментінің басшысы Жанар Ғалымжанқызы Хамзина кірді.
2019 жылғы 20 шілдеде Константин Петров Украинаның Орталық сайлау комиссиясының Төрайымы Татьяна Слипачуктың шақырылған байқаушылармен жалпы кездесуіне қатысты. Кездесу барысында Украина Орталық сайлау комиссиясының басшысы халықаралық байқаушыларға сайлау науқанының негізгі кезеңдері, сайлауды дайындау және өткізу, осы сайлаудың ерекшеліктері туралы хабардар етті.
2019 жылғы 21 шілдеде ҚР ОСК өкілдері сайлау учаскесінің ашылуын, дауыс беру процесін, дауыстарды санауды және сайлау қорытындыларын шығаруды байқау үшін Украинаның астанасында, сондай-ақ, Черкасск облысының Жашков, Умань қалаларының бірқатар сайлау учаскелерін аралады.
2019 жылы 22 шілдеде ҚР ОСК өкілдері сайлаудың алғашқы нәтижелері бойынша Украина Орталық сайлау комиссиясының баспасөз конференциясына қатысты.
Жалпы қазақстандық делегация өкілдері Украинаның халық депутаттарын сайлауды ұйымдастырудың жоғары деңгейін, сондай-ақ сайлау комиссияларының үйлесімді жұмысын атап өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
