| 04.12.2005 |
|
2005 жылдың 4 желтоқсанда Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев ҚР Орталық сайлау комиссиясында «Шет мемелекеттерде Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын қамтамасыз ету» атты тақырыпқа брифинг өткізді.
«Шет мемлекеттерде Қазақастан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Cыртқы істер министрлігі, Орталық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып, сайлау учаскелерін және учаскелік сайлау комиссиясын құру, сайлаушылар тізімін жасау, сондай-ақ 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті сайлауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бірқатар іс-шаралар атқарды», - деп атап өтті Ержан Ашықбаев.
«Шет мемлекеттердегі сайлау учаскелері бірнеше критерийлер негізінде ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының сол мемлекетте дипломатиялық өкілінің болуы негізге алынды, сондай-ақ сайлау комиссиясын құру үшін қазақстандық азамматтардың санына және бөлінген бюджеттік қаржының тиімді пайдалануына назар аударылды» - деді ол өз сөзінде.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жанынан 34 сайлау учаскесі ашылып, 2005 жылғы 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына 7332 Қазақстан азаматы қатысады.
Ресей Федерациясы (2217), Түркия (749), Қытай (476), Өзбекстан (399), Ұлыбритания (633), Италия (384) елдеріндегі сайлау учаскелері ең ірі учаскелер болып табылады. Шет мемлекеттердегі сайлау учаскелерінде сайлаушылардың ең аз саны Испанияда, Иранда, Литвада, Пәкістанда, Беларусьте, Жапонияда, Польшада, Швейцарияда, Түркіменстанда және Үндістанда тіркелген және олардың әрқайсысында 42-ден - 70-ке дейінгі аралықта сайлаушылар бар. Соныман қатар, Еуропа елдерінде -13, Азия елдерінде -10, ТМД елдерінде - 8 сайлау учаскелері бар. Америка құрлығында 2 сайлау учаскесі және Африка құрлығында 1 сайлау учаскесі орналасқан.
«Сайлаушылар тізімі тұрғылықты мекен-жайы немесе сайлау учаскесі аумағында ұзақ мерзімге келіп, консулдық есепте тұрған қазақстандық азаматтар туралы деректер негізінде дайындалған»,- деп атап өтті Ашықбаев мырза.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат таңғы жетіден кешкі сағат жиырмаға дейін жүргізіледі. Жапония мен Кореядағы қазақстандық азаматтар дауыс беруді бірінші болып бастады. Дауыс берудің қорытындысы бойынша учаскелік комиссиялар құжаттарының түпнұсқасы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына 2005 жылғы 12 желтоқсанда жеткізілетін болады.

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы