| 13.06.2019 |
|
2019 жылғы 13 маусымда ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттер ЖОО студенттері арасында ұлттық викторина қорытындыларын шығаруға және жеңімпаздарды жариялауға арналған сайлау құқығы және сайлау процесі мәселелері бойынша халықаралық телекөпір өтті
Ағымдағы жылдың 13 маусымында ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттер ЖОО студенттері арасында ұлттық викторина қорытындыларын шығаруға және жеңімпаздарды жариялауға арналған сайлау құқығы және сайлау процесі мәселелері бойынша бейнеконференция өткізілді.
Бейнеконференция көпжақты телекөпір Санкт-Петербург (Ресей Федерациясы), Баку (Әзірбайжан), Бішкек (Қырғызстан), Ереван (Армения), Кишинев (Молдова) және Нұр-Сұлтан (ҚР ОСК) қалаларымен алаңдарды тікелей қосу форматында өткізілді.
Телекөпір барысында Санкт-Петербург ЖОО-ның және ТМД ПАА мемлекеттер азаматтарының Демократияны, парламентаризмді дамыту және сайлау құқықтарын сақтау мониторингінің халықаралық институты филиалдарының басшыларымен мемлекетаралық жобаның ұлттық кезеңінің жеңімпаздары ұсынылды, олар а.ж. 16 қыркүйегінде Санкт-Петербург қ. және Ленинград облысының жоғары оқу орындары мен ТМД елдері студенттерінің құрама командалары арасындағы ғылыми пікірталасқа қатысады.
ҚР ОСК электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі М. Бөлеева қатысушыларды Қазақстандағы ұлттық викторинаның іс жүзінде жүзеге асырылу ерекшеліктерімен таныстырып, ұлттық викторинаның жеңімпазы – Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің психология факультетінің 2-курс студенті – Роман Есеналинді (Ақтөбе қ.), бірінші жүлдегер – Каспий қоғамдық университетінің Заң факультетінің 3-курс студенті – Руслан Букеновті (Алматы), екінші жүлде – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Гүлназ Серіккалиеваны (Түркістан қ.) таныстырды.
Ұлттық викторинаның Қазақстандық финалистері дайындаған бейнекөрсетілімдер бейнеконференцияға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
ТМД ПАА ДДМХИ директорының орынбасары Е.В. Голоулина өз сөзінде: «Қазақстанда викторинаны ұйымдастыру ауқымы әсерлі, біз келесі жылы пікірталасқа дайындық кезінде осы елдің тәжірибесін пайдалануға тырысамыз» - деп атап өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
