| 07.06.2019 |
|
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петровтың Қытай Халық Республикасынан байқаушылар делегациясымен кездесуі
7 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Ортсайлауком Төрағасының орынбасары Константин Викторович Петров Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы бұрынғы елшісі Чжан Сиюн басқарған тәуелсіз байқаушылар делегациясымен кездесті.
Кездесуде Төрағаның орынбасары ү. ж. 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық туралы қысқаша ақпарат ұсынды.
Қытайдан келген делегация басшысы кездесу үшін алғысын білдіріп, сайлауға дайындық аясында Орталық сайлау комиссиясының тиімді жұмысын атап өтті, сондай-ақ келешекте Қытай елінмен достық қарым-қатынастың нығаятынына сенім білдірді.
Ортсайлауком Төрағасының орынбасары жылы сөздер үшін алғысын білдіріп, Қытай Халық Республикасынан келген барлық делегацияға Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс президенттік сайлауды байқауда табыс тіледі.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
