| 04.06.2019 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж. Сүлейменнің Атырау облысы бойынша жұмыс сапары туралы
2019 жылғы 4 маусымда Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Ортсайлауком) мүшесі Ләззат Жаңылысқызы Сүлейменнің басшылығымен «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларының жұмысы туралы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинарға аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрағаларының орынбасарлары, хатшылары мен мүшелері, электоралды оқыту бойынша сертификатталған жаттықтырушылар, Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, сондай-ақ ЕКЫУ/ДИАҚБ және ШЫҰ халықаралық байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Оқыту семинарына барлығы 380 адам қатысты.
Ортсайлауком мүшесі Л.Ж. Сүлеймен өз баяндамасында сайлауға әзірлік кезеңінде, дауыс беру күні сайлау комиссиялары қызметінің мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Семинар барысында қатысушылар сайлау заңнамасындағы өзгерістермен, сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен, кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру шарттарымен, сайлау комиссияларының сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі өкілеттіктерімен, аумақтық сайлау комиссияларының және жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерімен таныстырылды. Сондай-ақ, барлық сайлау комиссияларының қызметі алқалылық, ашықтық және жариялылық негізінде жүзеге асырылатынын, сайлау туралы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға, сайлау комиссияларының мүшелерін кәсібилендіруге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары А.Ғ.Ібішева сайлаушылардың тізімін жасау бойынша жүргізілген жұмыстар, сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жабдықтау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А.М.Айманакумов сайлау науқанын өткізу, сайлау учаскелерін дауыс беру күніне әзірлеу, сайлау комиссияларының мүшелерін каскадтық әдіспен және қашықтықтан оқыту және тестілеу әдісімен оқыту жағдайы туралы хабардар етті.
2019 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу барысында Атырау облысында 262 сайлау учаскесі құрылған. Учаскелік сайлау комиссиялары 1896 мүшеден құрайды. Аумақтық және учаскелік комиссиялардың мүшелері толықтай электоралды оқытумен қамтылып, сертификаттар берілген.
Атырау облысы бойынша сайлаушалар тізіміне 409679 сайлаушы енгізілген. Облыс өңірінде елдің әртүрлі аумақтарынан келіп, вахталық әдіспен жұмыс жасайтын сайлаушылардың болуына байланысты, кен орындарда, өндірістік кешендерде сайлаушылар тізімдері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, бүгінгі күнге Теңіз, Қашаған, Қарабатан вахталық поселкесінде жұмыс жасайтын 4161 сайлаушы өз өтініштері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілді.
Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі К.Б.Нұржігітова баяндамасында сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жағдайдың жасалуы туралы ақпарат берді.
Атап айтқанда, облыста барлығы 22113 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрады, солардың 18674 – сайлауға қатысуға құқығы бар. Дауыс беру күні кресло-арбаға таңылған және көру қабілеті бұзылған сайлаушылар үшін 16 Инватакси жүретін болады, саңырау сайлаушылар үшін 7 сурдоаудармашы көзделген. 242 сайлау учаскелері арнайы пандустармен жабдықталған, сонымен қатар, креслоға таңылған сайлаушыларға 246 дауыс беру арнайы кабиналары жасақталған.
Атырау облсайлауком бастамасымен мүмкіндігі шектеулі белсенді азаматтардың сүреттерін қала және аудандардағы билбордтарда және ЛЭД-экрандарында орналастырылды.
Ортсайлауком аппаратының сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы м.а. Б.Б. Байсейтов 2019 жылғы 9 маусымда сайлауға әзірлік және оны өткізу кезеңінде учаскелік сайлау комиссиялары қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндама жасады.
Оқыту семинарын өткізу кезінде қатысушылар сайлау науқанының негізгі кезеңдерін өткізу барысы, сайлаушылар тізімдерімен жұмыс істеу, сайлау комиссияларының сайлауды әзірлеу мен өткізу, есептен шығару күәлігі, вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтардың дауыс беруі, сайлау туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету бойынша өкілеттіктері туралы сұрақтар қойды.
Семинар аяқталғаннан кейін аумақтық сайлау комиссияларымен жиналыс өтті және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Ортсайлауком мүшесі Л.Ж. Сүлеймен ЕҚЫУ Миссиясының халықаралық байқаушыларымен кездесіп, сайлау комиссияларының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жұмыстары бойынша пікір алмасты.
Ортсайлауком өкілдері облыстық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып, сайлау өткізуге дайындыққа жәрдем көрсету мақсатында Атырау қаласындағы сайлау учаскелерін аралады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



