| 04.06.2019 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашевтың ШЫҰ-ның Байқаушылар миссиясының Басшысы – ШЫҰ Бас Хатшысы Владимир Норовпен кездесуі
2019 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Ортсайлауком Төрағасы Берік Мәжітұлы Имашевтың ШЫҰ Байқаушылар миссиясының Басшысы – ШЫҰ Бас Хатшысы Владимир Норовпен кездесуі болды.
ШЫҰ міндеттерінің бірі президенттік және парламенттік сайлауға, сондай-ақ референдумдарға байқауды жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Республикасында кезектен тыс Президенттік сайлауды өткізумен байланысты ШЫҰ-дан сайлауды дайындау және өткізу барысын байқау Миссиясы құрылды.
Ортсайлауком Төрағасы В.И. Норов мырзаны Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру күніне дайындық жұмысымен таныстырды. Өз кезегінде ШЫҰ Бас Хатшысы В.И. Норов кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын айтты және 2004 жылдан бері миссиялардың өтініштеріне, қорытындылары мен есептеріне жүргізілген салыстырмалы талдау 2019 жылғы сайлау процесінің демократия бағытында едәуір алға жылжығаны жөнінде айтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сонымен қатар ол Қазақстанда болатын маңызды саяси оқиғаға ерекше мән бере отырып, сайлауды байқау жөніндегі жұмысты Ұйымның ерекше миссиясы ретінде қарайтынын атап өтті.
Кездесуден кейін брифинг болды, онда ШЫҰ Бас Хатшысы Владимир Норов БАҚ-ты қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




