| 04.06.2019 |
|
Сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы ұлттық викторинаның екінші кезеңін өткізу бойынша
2019 жылғы 4 маусымда Орталық сайлау комиссиясы Сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы ұлттық викторинаның екінші кезеңін өткізді.
Викторина мемлекетаралық жобаның ұлттық кезеңі болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының кеңесімен және Демократияны, парламентаризмді дамыту және ТМД ПАА–ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау мониторингінің халықаралық институтымен бірлесе отырып өткізеді.
Іс-шара болашақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, оларда сайлау құқықтарын саналы түрде іске асыру үшін қажетті білімдерін, машықтары мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының ұйымдастырушылық қолдауымен а.ж. 24 мамырында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың инфокоммуникациялық алаңында өткен Ұлттық викторинаның бірінші кезеңі шеңберінде 30 жоғары оқу орнының 170 студентінен 13 студент сайлау заңнамасы бойынша жоғары білім деңгейін көрсетіп екінші турға өтті.
Олар Каспий қоғамдық университетінің, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Қазақ-орыс халықаралық университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, «Мирас» университетінің өкілдері.
Екінші турда.
Ұлттық қазылар алқасы пікірталас өткізу дағдыларын бағалау негізінде 10 үміткерден бір жеңімпаз бен екі жүлдегерді айқындады.
Бірінші орын – Есеналин Роман Денисович, Қазақ-Орыс халықаралық университеті (Ақтөбе қ.)
Екінші орын – Букенов Руслан, Каспий қоғамдық университеті (Алматы қ.)
Үшінші орын – Серікқалиева Гүлназ Нұржанқызы, Х.А. Ясауи атыдағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ.)
Ұлттық викторинаның шарттарына сәйкес бірінші орын алған а.ж. қыркүйекте ТМД елдерінің құрама командасы сапында Санкт-Петербург қаласында өтетін халықаралық ғылыми пікірталастарға қатысады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, Жастар жылында өткізіліп отырған, викторинада студенттердің белсенділік танытуы, дәл осы сайлау алдындағы кезеңде біздің жас ұрпақтың сайлау процестеріне саналы көзқарасы мен сайлау заңнамасына деген қызығушылығының үлгісі болып табылады.
Ұлттық қазылар алқасының құрамындағы Білім және ғылым министрлігінің өкілі К.И. Абуова, ғылыми сараптау қоғамдастығынан – М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ қылмыстық сот төрелігі және ғылыми-құқықтық сараптау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор М.Ч.Қоғамов, Мемлекеттік тарих институтының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Е.К.Нұрпейісов викторинаны бағалап, қорытындыларын шығарды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



