| 03.06.2019 |
|
«2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы»
2019 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, оған саяси партиялар мен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД миссияларының өкілдері қатысты.
Отырыста мынадай мәселе қаралды: «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы».
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Хамитқызы Баймолдина өз баяндамасында 2019 жылғы 3 маусымда Сыртқы істер министрлігінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясының 11 байқаушысын және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының 2 байқаушысын аккредиттеуге ұсыныс келіп түскені туралы хабарлады.
Сонымен қатар 7 шет мемлекеттен: Ұлыбритания, Кытай, Үндістан, Палестина, Ресей Федерациясы, АҚШ, Грузиядан 33 байқаушы ұсынылып отыр. Олардың ішінде Үндістан мен Ресей Федерациясы орталық сайлау органдарының өкілдері бар екенін атап көрсеткен жөн.
46 байқаушының барлығы отырыста аккредиттеуге шығарылды.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу 2019 жылғы 12 сәуірде басталды және оны Орталық сайлау комиссиясы 3 маусымда сағат 18.00-де аяқталды, яғни аяқталу күнінде.
Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу мәселесі ҚР ОСК-ның 6 отырысында, оның ішінде бүгінгі отырысында қарастырылды.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын байқау үшін 1013 байқаушы аккредиттелді. Оның ішінде 866 байқаушы 9 халықаралық ұйымнан және 147 байқаушы 41 шет мемлекеттен.
Байқаушылардың жалпы санының 43-і шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының өкілдері болып табылады. Сонымен қатар байқаушыларды жіберген мемлекеттер 4 құрылықтан: Еуропа, Азия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америкадан ұсынылғанын атап көрсетеміз.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы






