| 03.06.2019 |
|
Республикалық бюджеттен қаражатты пайдалану бойынша түсіндірме
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың штабтарынан кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуі үшін мемлекет бөлген республикалық бюджет қаражатын пайдалануға қатысты көптеген мәселелерге байланысты Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) келесіні хабарлайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу көлемдерін регламенттейтін Ортсайлаукомның 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысының 5-тармағына сәйкес мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін қаражат бөлудің тең көлемдеріне кепілдік береді:
- теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) - 15 минут;
- радиода - 10 минут;
- мерзімді баспа басылымдарында немесе желілік басылымдарда жариялау үшін екі мақала 0,1 баспа парақтан аспауы тиіс.
Жоғарыда көрсетілген жария ету көлемдерін қоспағанда, тараптар өздері жасасқан шарттар талаптарында еркін екенін ескере отырып, теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) сөз сөйлеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге кандидаттардың сөз сөйлеуін шығару және теледидарда трансляциялау жөніндегі шығыстар енгізілуі мүмкін.
Бұл ретте, сөз сөйлеуге арналған сома мен көлем Ортсайлауком белгілеген кандидаттың бұқаралық ақпарат құралдарындағы шығыстарының мөлшерлерінен аспауға тиіс.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
