| 01.06.2019 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж. Сүлейменнің Алматы облысы бойынша жұмыс сапары туралы
2019 жылғы 31 мамырда және 1 маусымда Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Ортсайлауком) мүшесі Ләззат Жаңылысқызы Сүлейменнің басшылығымен «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларының жұмысы туралы» тақырыбында екі семинар-тренинг өтті.
Семинарға аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрағаларының орынбасарлары, хатшылары мен мүшелері, электоралды оқыту бойынша сертификатталған жаттықтырушылар, Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, сондай-ақ Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары және аппарат басшысы, жергілікті атқарушы органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Оқыту семинарларына барлығы 574 адам қатысты.
Екі өңірде Ортсайлауком мүшесі Л.Ж. Сүлеймен өз баяндамасында сайлауға әзірлік кезеңінде, дауыс беру күні сайлау комиссиялары қызметінің мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Семинар барысында қатысушылар сайлау заңнамасындағы өзгерістермен, сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен, кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру шарттарымен, сайлау комиссияларының сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі өкілеттіктерімен, аумақтық сайлау комиссияларының және жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерімен таныстырылды.Сондай-ақ, барлық сайлау комиссияларының қызметі алқалылық, ашықтық және жариялылық негізінде жүзеге асырылатынын, сайлау туралы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға, сайлау комиссияларының мүшелерін кәсібилендіруге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ж.Ә. Әлімбеков және Қапшағай қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Ж. Қожахметов сайлаушылардың тізімін жасау бойынша жүргізілген жұмыстар, сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жабдықтау, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдай жасау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Т.Е. Даутов, Қапшағай қалалық сайлау комиссиясының төрағасы М.Қ. Айтова, Іле аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Г.Е. Чинаева, Талдықорған қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Қошанбеков, Сарқан аудандық сайлау комиссиясының төрағасы О.Ш. Тертюбаев сайлау науқанын өткізу, сайлау учаскелерін дауыс беру күніне әзірлеу, сайлау комиссияларының мүшелерін каскадтық әдіспен және қашықтықтан оқыту және тестілеу әдісімен оқыту жағдайы туралы хабардар етті.
Ортсайлауком аппаратының сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы м.а. Б.Б. Байсейтов 2019 жылғы 9 маусымда сайлауға әзірлік және оны өткізу кезеңінде учаскелік сайлау комиссиялары қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндама жасады.
Оқыту семинарларын өткізу кезінде қатысушылар сайлау науқанының негізгі кезеңдерін өткізу барысы, сайлаушылар тізімдерімен жұмыс істеу, сайлау комиссияларының сайлауды әзірлеу мен өткізу, сайлау туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету бойынша өкілеттіктері туралы сұрақтар қойды.
Белсенді пікір алмасулар, аумақтық сайлау комиссияларымен бөлек жиналыс өтті және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Семинар аяқталғаннан кейін Ортсайлауком мүшесі Л.Ж. Сүлеймен 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сұхбат берді.
Ортсайлауком өкілдері облыстық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып, Қапшағай және Талдықорған қалаларының 7 сайлау учаскелеріноларға сайлау өткізуге дайындыққа жәрдем көрсету мақсатында аралады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





