| 31.05.2019 |
|
2019 жылғы 31 мамырда ҚР ОСК Төрағасы Б.М. Имашев ЕҚЫҰ/ ДИАҚБ Миссиясының Басшысы Уршула Гацекпен кездесті
Ортсайлауком басшысы Уршула Гацек ханымды Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру күніне дайындық жұмыстарымен таныстырды, сондай-ақ ҚР ОСК және сайлау органдарының жалпы ағымдағы қызметі, атап айтқанда, электораттық оқыту, сайлаушылар тізімі, сайлаушыларды ақпараттандыру, сайлау учаскелерінің дайындығы, МША (мүмкіндігі шектеулі адамдар) құқықтарын қамтамасыз ету, халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселелері бойынша хабардар етті.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысы өз кезегінде ҚР ОСК тарапынан көмек пен ынтымақтастық үшін, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының сарапшыларымен кездесу ұйымдастырып, қажетті материалдарды ұсынғаны үшін ризашылығын білдірді.
Соңында Ортсайлауком Басшысы сайлауды объективті бақылауға бағытталған ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының жұмысы үшін алғысын білдіріп, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының сарапшыларына жұмысына табыс тіледі.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы







