| 30.05.2019 |
|
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Б. С.Мелдешовтің Маңғыстау облысына жұмыс сапары
2019 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бахыт Сәрсенбайұлы Мелдешов Маңғыстау облысына жұмыс сапарының аясында Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының 13 сайлау учаскелерінде болып, олардың сайлауға әзірлігімен танысты. Барлық сайлау учаскелері әдістемелік материалдармен, қажетті жабдықтармен, байланыс құралдарымен, интернет желісімен қамтамасыз етілген. Өңір бойынша сайлауды өткізуге дайындық іс-шаралары Күнтізбелік жоспарға сәйкес тиісті дәрежеде өткізілуде, сайлаушылардың тізімі тиісті әкімдермен учаскелік сайлау комиссияларына өткізілген.
30 мамырда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бахыт Сәрсенбайұлы Мелдешов «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы» сайлауды ұйымдастырушылар үшін оқыту семинарын өткізді.
Бұл іс-шараға аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, электораттық оқытудың сертификатталған жаттықтырушылары бейнеконференцбайланыс режимінде қосылып, жергілікті атқарушы органдардың, сот, құқық қорғау органдарының өкілдері, шет мемлекеттер байқаушылары мен жергілікті байқаушылар қатысты. Семинарға барлығы 500 адам қатысты.
Семинар барысында Б.С.Мелдешов сайлау науқанының әрбір кезеңімен, сайлау заңнамасына сәйкес сайлауды ұйымдастырушылардың негізгі өкілеттіктерімен және міндеттерімен таныстырды. Сайлау науқанында сайлау алдындағы үгіт, облыстағы сайлау комиссияларының мүшелерін электораттық оқыту және сайлау учаскелерін сайлауға дайындау кезеңіне толығырақ тоқталды.
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Тәжібаев сайлаушылардың тізімдерін жасау бойынша жүргізілген жұмыс жайлы баяндады, аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары И.Сағынбаев мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың кедергісіз дауыс беруі үшін жағдайды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.
Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А. Рзаханов облыстағы сайлау комиссиялары мен учаскелерін ұйымдастыру және оларды дауыс беру күніне дайындау жөніндегі ағымдағы жағдай, сайлау комиссияларының мүшелерін каскадтық әдіспен және қашықтықта оқыту әдісімен оқыту және тестілеу туралы, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың кедергісіз дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлады.
ҚР ОСК аппаратының бас консультанты Б.Дармурзина сайлау комиссиялары қызметінің кейбір мәселелеріне тоқталды. Қатысушыларға дауыс беру күніндегі учаскелік сайлау комиссияларының жұмысы туралы Орталық сайлау комиссиясы дайындаған оқыту фильмі көрсетілді.
Іс-шара соңында қарастырылған мәселелер бойынша пікір алмасу өтіп, сұрақтарға жауап берілді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

