| 30.05.2019 |
|
2019 жылғы 30 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында сайлауды ұйымдастырушылар үшін өңірлік оқыту семинары өтті
2019 жылғы 30 мамырда Нұр-Сұлтан қ.-да Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С.С. Мұстафинаның «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы» сайлауды ұйымдастырушылар үшін оқыту семинарын өткізді.
Семинарға Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, электораттық оқытудың сертификатталған жатықтырушылары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Семинар барысында С.С. Мұстафина қатысушыларды сайлау заңнамасындағы өзгерістермен, сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен, кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру шарттарымен, сайлау комиссияларының сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі өкілеттіктері және міндеттерімен, аумақтық сайлау комиссияларының және жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерімен таныстырды.
Сонымен қатар сайлау науқанын қаржылық қамтамасыз ету және сайлау комиссияларының мүшелерін электораттық оқытуды ұйымдастыру мәселелері кеңінен айтылды.
Нұр-Сұлтан қ. әкімінің орынбасары Е.Е. Каналимов сайлаушылардың тізімдерін жасау және олардың сайлау комиссияларына берілгені бойынша жүргізілген жұмыс, сайлау учаскелерін материалдық – техникалық жарақтандыру бойынша, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету және сайлау күні туралы сайлаушыларды хабардар ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.
Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Редкокашин В.Н. сайлау науқанын әзірлеу мен өткізудің ағымдағы жағдайы, сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы туралы хабардар етті.
Бұнымен қатар семинар аясында 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әдістемелік қамтамасыз етуге белсене атсалысқаны үшін аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының алғыс хатымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
